К.Мәсімов Парламенттің бірқатар депутаттарымен кездесулер өткізді

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстан Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов Парламенттің бірқатар депутаттарымен кездесулер өткізді.
None
None

«Парламент депутаттарымен кездесуді бастадым. М.Пішенбаев қазақстандық үлес туралы хабарлады. Жұмыс жүріп жатыр», - деп жазды Премьер-Министр өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында.

«Депутат Р.Мадинов - оның мәселелері бүгін кеңесте талқыланған ауыл шаруашылығы және егіс науқанымен байланысты», - деп жазды аталмыш кездесулерге қатысты кезекті ойымен бөліскен К.Мәсімов.

Ал депутат О.Дымов кездесу барысында Павлодар облысының мәселесін көтерді. Министрлер кабинеті басшысының пікірінше, әкім Б.Сағынтаев оларға мұқият зер салып жұмыс істеу керек.

«Депутат С.Оспанов көтерген мәселелер Бас прокурор А.Дауылбаев пен әкім Қ.Көшербаевтың қарауын қажет етеді», - деп жазған Премьер.

Сондай-ақ К.Мәсімов депутаттар Т.Симамбаев, Ү.Медеуов және С.Плотникпен, жер қатынастары мәселесін көтерген Қ.Омаровпен және Ю.Цхаймен, жастар саясаты мәселесін көтерген Т.Бердоңғаровпен жүздесті. Ал М.Әбеновтың ақпараттық қоғамды қазақ тілінде дамыту туралы қызықты идеясын жүзеге асырумен Премьердің ойынша, А.Жұмағалиев айналысуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар
Референдум