К. Мәсімов ресейліктерді «Радиоастрон» радиотелескопының орбитаға шығарылуымен құттықтады

ТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - «Ресей Байқоңырдан "Радиоастронды" орбитаға шығарды. Біздің серіктестерімізді құттықтаймын»,

К. Мәсімов    ресейліктерді  «Радиоастрон»  радиотелескопының   орбитаға шығарылуымен   құттықтады

деп жазды ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Twitter-дегі өз микроблогында.

18 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған зымырантасымалдағыш орбитаға «Спектр-Р» ғарыш обсерваториясымен қоса «Радиоастрон» радиотелескопын да алып шыққан болатын. Жоба авторларының айтуынша, "Радиоастронның" мүмкіндігі "Хаббл" телескопынан әлдеқайда асып түседі, бұл - адамзат енді ғаламның бірегей суреттерін алатын болады деген сөз.

Алдағы үш айда «Радиоастрон» қажетті манервларды жасап, жұмысқа әзір болады.