К.Мәсімов ТМД ҮБК отырысы қорытындысын «елдер интеграциясындағы кезекті қадам» ретінде бағалады

«Кездесу барысында байыпты сұхбат өтті. Отырыстың күн тәртібі 20 құжаттан құралды, олардың бәрі талқыланып, сәйкес шешімдер қабылданды», - деді Премьер-Министр.
Әсіресе ол қаржы-экономикалық саладағы өзекті мәселелерді шешу бойынша қабылданған бірлескен іс-қимыл жоспарын ерекше атап өтті.
«Бұл құжат жаһандық қаржы дағдарысы салдарын жұмсарту бойынша бірлескен кешенді жұмысымыздың «жол картасы» болып табылады. Халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Стратегиясы да аса маңызды, оны жүзеге асыру ТМД кеңістігіндегі экономикалық байланыстарды және қауіпсіздікті нығайтуға септігін тигізеді», - деп толықтырды К.Мәсімов.
Премьер-Министр «бүгінгі кеңес біздің елдеріміздің интеграция жолындағы, халқымыздың әл-ауқатын арттырудағы кезекті қадам болатындығын» баса айтып, ТМД ҮБК отырысы қорытындысына көңілі толғандығын білдірді, деп хабарлайды