Қ.Мұңайтпасов көшесінің кешенді қайта құрастырылуына байланысты Мирзоян көшесі бойынша жол қозғалысы тамыздың аяғына дейін тоқтатылады
АСТАНА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат - 2010 жылғы тамыздың 17-сі мен 30-ы аралығында Мұңайтпасов көшесінде жүргізілетін жолдың кешенді қайта құрастырылу жұмыстарына байланысты бұрын рұқсат етілген Мирзоян көшесіндегі көлік қозғалысы тоқтатылатын болады, деп хабарлайды жол полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Жол қозғалысы Иманов, Циолковский көшелерінің қиылысынан Мирзоян-Петров көшелерінің қиылысына дейін толық жабылады, деп нақтылады баспасөз орталық.
Қозғалыстың дұрыс бағыттары ретінде Абылайхан даңғылы мен Тәуелсіздік даңғылының жолдары ұсынылып отыр.