К.Первак, А.Голубев, М.Кукушкин Қазақстан Президенті Кубогын жеңіспен бастады
АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпара - Теннистен Қазақстан құрамасының көшбасшылары Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев жұптық өнер көрсетуде және Ксения Первак жекелей сында Президент Кубогының алғашқы ойындарын жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев жұбы қазақстандықтар Сағадат Аяп пен Серіжан Есенбековті 6:0;6:2 есебімен тізе бүктірсе,
Ксения Первак та алғашқы сында Камила Керімбаеваны дәл осындай есеппен ұтты.
Естеріңізге сала кетейік, елордадағы турнирдің жүлде қоры 225 мың долларды құрайды. Турнирге әлемнің 25 елінен спортшылар жиналды. Әйелдер арасындағы сында Португалиядан келген Мария Жоао Кохлер (WTA рейтингінде 106-шы орында), ерлерде - Дуди Села (Израиль, әлемнің 88-ші ракеткасы) бірінші нөмірге ие болды.