10:36, 08 Маусым 2016 | GMT +5
К. Плотников пен Х. Қамбарова Есеп комитетінің мүшелері болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Константин Плотников пен Халида Омарованы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі етіп тағайындады.

Конституцияға сәйкес, Парламенттің әр палатасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге тағайындайды. Есеп комитетінің екі мүшесінің мерзімі аяқталған болатын. Ал Есеп комитетіне мүшелерді Палата Төрағасы ұсынады. Осыған байланысты Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұханбетов комитет мүшесі қызметіне Константин Плотниковтың және Халида Қамбарованың кандидатурасын ұсынды.
Палата депутаттары екі кандидатураны да қолдап, оларды Республикалық бюджеттің атқарылуын жөніндегі есеп комитетінің мүшесі етіп тағайындауға келісім берді.
Аталған екі кандидат та бұған дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып қызмет етіп келген болатын.