19:58, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
К. Райс өзінің үш томдық ғұмырнамалық шығармаларын шығаруға келісімшартқа қол қойды
МӘСКЕУ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат – АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс өзінің үш томдық ғұмырнамалық шығармаларын шығару жөнінде Krown Publishers баспасымен келісімшартқа қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап. Онда Райс өзінің бұрынғы президент Джордж Буш әкімшілігінде қызмет еткен кезеңіндегі оқиғаларды баяндамақ.Райстың қаламақысы кемінде 2,1 миллион доллар болмақ. Экс-мемлекеттік хатшының ғұмырбаяндық кітаптарының алғашқы томы 2011 жылға қарай жарық көреді.