Қ. Сәдуақасов: Өзге елдердегі қандастарымыздың ұлттық болмысы мен келбетін сақтап қалуға жағдай жасамау - Қазақстанның мемлекеттігіне сын

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Өзге елдердегі қандастарымыздың ұлттық болмысы мен келбетін сақтап қалуына жағдай жасамау, ықпал етпеу Қазақстанның мемлекеттігіне сын. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жасаған депутат Қайрат Сәдуақасов осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазіргі таңда шет мемлекеттерде тұратын қазақтар саны орта есеппен алғанда 5 млн. адамға жуық. Олардың басым бөлігі Ресей, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия және Еуропа елдерінде өмір сүріп жатыр. Аталған мемлекеттердегі этносаяси ұстанымдар да әртүрлі. Қазақтардың сіңген мемлекеттеріндегі ішкі-сыртқы саясаттары да бір-бірінен әлдеқайда ерекше. Осындай шет мемлекеттерде тұратын қандастарымыз өздері өмір сүретін ортаға сіңе отырып, ана тілінен, мәдениетінен, салт-дәстүрінен айырылып қалмауы үшін, оларды саяси, экономикалық және рухани-мәдени тұрғыдан әрдайым қолдап отыру шарт. Өзге елдердегі қандастарымыздың ұлттық болмысы мен келбетін сақтап қалуына жағдай жасамау, ықпал етпеу Қазақстанның мемлекеттігіне сын. Осыған орай, әлемнің 32 елінде қызмет етіп жатқан қазақ ұлттық-мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, мемлекеттік дәрежедегі қажетті қолдауларды жасау керек деп білемін. Шет елдерде тұратын қандастарымыздың проблемалары да әртүрлі екендігін ескеріп, мемлекеттік саясатты осы ерекшеліктерді бағалай отырып іске асырғанымыз жөн», - деді депутат Қ. Сәдуақасов. Сондай-ақ ол аталған мәселелер жөнінде сараптамалық шолулар жүргізгенін, сондағы мәліметтер бойынша Үкіметтің шешім қабылдауын өтінеді.
Соңғы жаңалықтар