К.Сағадиев: Салық Зиманов - қазақ тарихын да терең зерттеген заңгер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Салық Зимановтың 95 жасқа толуына орай «Академик Зиманов - ғалым, азамат және ғылым абызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
None
None

Бүгінде С.Зимановтың зерттеулері Қазақстан мен Орта Азия республикаларында саяси тарих пен саяси-құқықтық ғылымға қосқан қомақты үлесі ретінде бағаланып отыр.

«Өмірінің соңғы сағатына дейін бірге болған ағамыз еді. Қазақ ғылымына, соның ішінде, заң ғылымына, ұлттық ғылым академиясына сіңірген еңбегі ерекше. Егемендікті енді алған кезде тәуелсіз Қазақстанның заң ғылымының негізін қалаған ғалымдардың бірегейі де - Салық Зиманов»,-дейді дөңгелек үстелді ашқан экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Кенжеғали Сағадиев.
С.Зиманов қазақ тарихын да терең зерттегенін айта келе К.Сағадиев: «Алаш азаматтары туралы да талай естелік, деректерді Салық Зиманов ағамыздан естіген едім»,-деп еске алды.
Салық Зиманов қоғам және мемлекет қайраткері, заңгер, заң ғылымдарының докторы профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ҒА-ның академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Ғылыми қайраткері. 3иманов өзінің «Қазақтардың 19 ғ-дың 1-жартысындағы қоғамдық құрылысы», «Қазақстанның 18 ғасырдың соңы мен 19-дың алғашқы жартысындағы саяси құрылысы» атты еңбектерінде және «Абай ережелері» атты Ғылыми мақаласында Абайдың қазақ тарихындағы алатын орнына жоғары баға беріп, қазақтардың әдет-ғұрып заңдарын жетілдіруге қосқан үлесі мен праволық көзқарастарын саралады.

Соңғы жаңалықтар