Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ мен Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

АЛМАТЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Бүгін Алматыда Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де Үкімет, Ұлттық Банк және ҚР ҚБА-нің 2009-2010 жылдарда экономика және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын түсіндіру мақсатында ЖОО ректоры Жексенбек Әділов пен Бостандық ауданының әкімі Амангелді Каримолдиннің кездесуі өтті,
None
None
онда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚазҰТУ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. А.Каримолдин дағдарысқа қарсы қабылданған шаралар және ауданның жоғары оқу орны студенттерін әлеуметтік қолдау мәселесі туралы айтты. Өз сөзінде Ж.Әділов әлеуметтік қорғалмаған топ өкілдері ортасынан шыққан студенттерге мемлекеттік көмек, оның ішінде төлем қабілеті жоқ студенттерге гранттар мен жеңілдетілген несиелер беруді ҚазҰТУ жүзеге асыратындығын және бұл бағытта нақты жұмыстардың қолға алынып жатқандығы туралы баяндады.Меморандумға қол қоюдың басты мақсаты ? ҚР Үкіметі жасаған дағдарысқа қарсы бағдарламаны орындау. Меморандум ауданның да, қаланың да әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру жөніндегі дағдарысқа қарсы шаралар қабылдауда өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруға ықпал етеді. Екі жақ та орын алған мәселені келісе, бір-бірін қолдай, көмек жасай отырып шешетін болады. Түрлі тақырыпқа арналған бірлескен қоғамдық шаралар өткізіледі. Бостандық қаладағы ірі аудан саналады. Мұнда 350 мыңға жуық адам тұрса, оның 70 мыңы ? студенттер.
Соңғы жаңалықтар