Қ. Сәтбаев атындағы университетте жаңа футбол алаңы ашылды

АЛМАТЫ. Мамырдың 6-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Елбасы Жолдауын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Жеңістің 65-жылдық мерейтойына орай Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа спорт алаңының ашылу салтанаты өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы халыққа Жолдауында басымдылықтардың ең бастысы ретінде ұлттың денсаулығын атап өткен болатын. Біз осы маңызды мәселеге үлкен мән береміз. Жолдауды іске асырудағы бұл бастапқы шаралар. Алдағы уақытта үлкен екіқабатты спорттық кешенді ашуды жоспарлап отырмыз. Біздің міндетіміз - жастарды мейлінше көбірек спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру», деп атап өтті ҚазҰТУ ректоры Жексенбек Әділов.

Ашылу салтанаты аясында мұнда футболдан ҚазҰТУ кубогы үшін университетаралық жарыс өтті. Оған 10 команда қатысты. Бірінші орынды алаң иелері - ҚазҰТУ құрамасы жеңіп алды. Екінші орынды С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің командасы иеленді. Ал Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің командасы үшінші орынды қанағат тұтты.

ҚазҰТУ-дің оқу және тәрбие жөніндегі проректоры Лұқпан Сыдықовтың айтуынша, бұл шара жастардың денсаулығын нығайтуға, спортқа деген ынталарын арттыруға, сонымен қатар жастардың дене тәрбиесі мен адамгершілік қасиеттерін баулуға мүмкіндік береді. «Біз бүгінгі заманға сай жабдықталған алаңның ашылғанына қуаныштымыз. Университетте 34-тен аса спорт секциялары, әр түрлі залдар болғанымен, бізде футбол алаңдары аз жетіспеуші еді», дейді ол.

Соңғы жаңалықтар