Қ. Саудабаев Брюссельде министрлер деңгейіндегі ЕҚЫҰ-ЕО бірлескен мәжілісінің жұмысына қатысады

А. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қаңтардың 26-да ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы - ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Брюссельде өтетін министрлер деңгейіндегі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы-Еуропалық одақ бірлескен мәжілісінің жұмысына қатысады.

Қ. Саудабаев Брюссельде министрлер деңгейіндегі ЕҚЫҰ-ЕО бірлескен мәжілісінің жұмысына қатысады

Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жоспарланған келіссөздердің барысында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі, соның ішінде Ауғанстан проблемасы бойынша, екі ұйымның арасындағы жұмысты тиімді үйлестіру мәселелерін, созылып кеткен қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу жолдарын іздестіру, «Корфу үдерісін» ілгерілету мәселелерін және еуропалық қауіпсіздіктің келешектегі құрылысы жөніндегі диалогты, сондай-ақ өзара қызығушылық туғызатын басқа да бірқатар мәселелерді талқылау бар», деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, Брюсселге сапары аясында Қ. Саудабаевтың Бельгия Корольдігінің, Еуропалық одақтың және НАТО-ның басшылығымен бірқатар кездесулері жоспарланған.