Қ. Саудабаев «ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемі» атты екінші Трансазиялық парламенттік форумға қатысады

амырдың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 14-15-і күндері ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Алматыда өтетін «ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемі» атты екінші Трансазиялық парламенттік форумға қатысады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаровтың айтуынша, аталмыш форум біздің елдің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысындағы ағымдағы жылы Қазақстанда өткізілгелі отырған бірінші ірі шара болып табылады. Форумға тек қана ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің парламентшілері ғана емес, сонымен берге ЕҚЫҰ-ның ынтымақтастық жөніндегі әріптестері - Жерорта теңізі және азиялық елдердің, Пәкістанның парламентшілері, сондай-ақ дипломатиялық корпустың, ЕҚЫҰ институттарының және түрлі парламенттік ұйымдардың өкілдері қатысатын болады. «Алдағы форумның күн тәртібінде Ауғанстандағы жағдай, лаңкестікпен, есірткі трафигімен күрес, қарусыздану, экономикалық даму, сауда, ресурстарды басқару, еңбек миграциясы, экологиялық проблемалар, діни төзімділік, саяси даму, адам саудасымен күрес, гендерлік теңдік сынды мәселелерді талқылау көзделіп отыр. Форум аясында Қырғызстандағы жағдайға арналған арнайы сессияны өткізу көзделуде», деді баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар