Қ. Саудабаев Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдерімен кездеседі
А. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қаңтардың 20-да Астанада ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдерімен кездесу өткізеді.
Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, кездесу барысында Қ. Саудабаев елшілерді ЕҚЫҰ-ның тиімділігін арттыруға және маңызды халықаралық проблемаларды шешудегі оң үлесін кеңейтуге бағытталған Қазақстаннның Ұйымға төрағалығының маңызды басымдықтары жайлы айтып береді.