Қ. Саудабаев Литва мемлекетін 2011 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасайтынымен құттықтады
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінде ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы Төрағасы, Мемлекеттік хатшы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Литва мемлекетін 2011 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасайтынымен құттықтады.
«Бүгін Қазақстаннан бұрын ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен Грекияға алғысымызды айта отырып, осы Ұйымдағы міндетті орындаған мемлекет ретінде біз Литваға эстафетаны береміз. Осы орайда аталған елге осы жауапты жұмыста табыстар тілейміз», - деді Қ. Саудабаев.
Мұнымен қоса Мемлекеттік хатшы 2013 жылда ЕҚЫҰ-дағы төрағалыққа бекітіліп отырған Украина мемлекетін құттықтады.
«Қазақстан өзінің төрағалығынан кейін де ЕҚЫҰ-ның белсенді қатысушы болып қала береді»,-деп түйіндеді сөзін Қ. Саудабаев.