Қ. Саудабаев: Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы ретінде ЕҚЫҰ-ға жаңа серпін берді

СТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ға жаңа серпін берді. Бұл туралы бүгін Астанада Толеранттылық және кемсітушілікке жол бермеу жөніндегі жоғары деңгейдегі ЕҚЫҰ конференциясынан кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев айтты.
None
None

«Біздің ағымдағы 6 айдағы жұмысымызға қатысушы мемлекеттердің, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың және де біздің оппоненттердің тарапынан алдын ала бағасының қорытындысы беріліп жатыр. Осы орайда бүгін қуана атап өтерім, олардың барлығының пікірі бір арнада тоғысып отыр»,-деді Мемлекеттік хатшы.

Қ. Саудабаевтың сөзіне қарағанда, олардың пікірінше Президент Назарбаев Мемлекет басшысы ретінде, ЕҚЫҰ-ға жаңа серпін беріп, оның алдында өзекті әрі амбициялық мақсаттарды қоюға ықпал етті. «Бұл өз кезегінде біздің жұмыстың қарқынын үдете түсті»,- деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.

Соңғы жаңалықтар