11:23, 02 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қ. Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығы аясында жаңа жұмыс тобын құруды ұсынды
А. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ІХ отырысында сөз сөйлеген ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев хатшылық жұмысына қатысты жаңа жұмыс тобын құруды ұсынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сенат төрағасының айтуынша, 2007 жылы хатшылықтың ҮІ отырысында ІІІ съездің қорытынды құжатын дайындаумен айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. «Бүгінгі күні съезд аясында жоғары деңгейдегі кездесулердің күнтәртібін әзірлеу мен қорытынды құжаттардың жобаларын дайындайтын 9-10 адамнан тұратын жаңа Жұмыс тобын құруды қарастырсақ. Бұрынғы топ өз міндетін толығымен атқарды. Осы орайда өзара келісе отырып, жаңа Жұмыс тобына кандидатуралар ұсынуды сұраймын. Оның мүшелері хатшылық атынан сөйлеуге, шешімдер қабылдауға толық өкілеттіктерге ие болу керек деп есептеймін. Бұл форумға дайындық барысында туатын әртүрлі мәселелер бойынша жедел шешімдер қабылдауға оң әсерін тигізеді», деді Қ. Тоқаев.