10:47, 06 Маусым 2014 | GMT +5
Қ. Тоқаев бастаған сенаторлар «Мұқағали» драмасын ықыласпен тамашалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған сенаторлар мен аппарат қызметкерлері Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық музыкалық-драма театрында болды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Поэтикалық «Мұқағали» драмасын ықыласпен тамашалаған сенаторлар актерлердің шеберлігі мен режиссердің тапқыр шешімдерін жоғары бағалады.
«Сөз өнерін қастерлейтін көптеген ұрпақтың көкейіндегі ойды жеткізген ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармалары зор ықылас туғызады. «Мұқағали» драмасында біздің көрнекті отандасымыздың шығармашылық жолындағы барлық бел-белестері түгелдей көрініс тапқан. Қазақ музыкалық драма театрының сахна шеберлеріне табысқа жете берулеріне тілектестігімді жеткізгім келеді», - деді Қ.Тоқаев.