Қ.Тоқаев БҰҰ Жоғарғы Комиссары Босқындар ісі жөніндегі басқармасының аймақтық өкілі Сезар Дюбонды қабылдады

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат. Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Жоғарғы Комиссары Босқындар ісі жөніндегі басқармасының аймақтық өкілі Сезар Дюбонды қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қ.Тоқаев БҰҰ Жоғарғы Комиссары Босқындар ісі жөніндегі басқармасының ынтымақтастығының кеңеюіне Қазақстанның мүдделі екенін атап өте келіп, жаһандық және ұлттық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастық жүйесін одан әрі дамыту туралы ойларын ортаға салды.Парламент Сенаты осынау жалпы адамзаттық гуманитарлық мәселелерді шешу жолындағы маңызды қадам болып табылатын «Босқындар туралы» заңды әзірлеуге және қабылдауға жан-жақты көмек беруге әзір.Төраға «Босқындар туралы» заң жобасын әзірлеуге қатысатын БҰҰ мен мемлекеттік органдар құрылымдарының өзара тығыз іс-қимылы қажеттігін атап өтті.БҰҰ Жоғарғы Комиссары Босқындар ісі жөніндегі басқармасының аймақтық өкілі босқындарды қорғаудың халықаралық жүйесін қалыптастырудағы Қазақстанның үлесін оң бағалады.С.Дюбонның айтуынша, босқындарға құқықтық және гуманитарлық қолдау көрсету саласындағы аймақтық көшбасшы ретінде Қазақстанның өнегесін басқа мемлекеттер пайдаланатын болады.
Соңғы жаңалықтар