Қ.Тоқаев ЕҚЫҰ ПА басшылығымен, Ұлыбритания, Латвия және Швеция парламентшілерімен кездесті

Атап айтқанда, Қ. Тоқаев Аустрия Федералдық Парламенті Ұлттық кеңесінің депутаты, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Вице-Президенті Кристин Муттоненмен және ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелламен, Латвия Республикасының Сеймі Төрағасының орынбасары Инеса Либиня-Эгнере, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Парламенті Лордтар палатасының мүшесі Мохаммед Ильтаф Шейхпен, Швеция Корольдігі Риксдаг депутаты Кент Харстедтпен әңгімелесті.
Шетелдік меймандар алдағы 31 мамырдағы «Діндер терроризмге қарсы» конференциясының маңыздылығын атап өтіп, терроризм және экстремизммен күрестегі жаһандық тұрғыдағы күш-жігерге форум лайықты үлес қосатынына сенім білдірді. Парламентшілер мен әлемдегі діни қайраткерлерді бір алаңға алғаш рет жинаған конференцияның ерекшелігіне айрықша назар аударылды.
Қ. Тоқаев жүздесушілерді «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы ауқымды институттық реформаларды жүзеге асыру туралы хабардар етіп, форумға қатысқаны үшін меймандарға ризашылығын білдірді.