Қ.Тоқаев Иран Парламентінің және Ресей Федерациясы Кеңесінің төрағаларымен кездесті (ФОТО)

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуде «Еуразия өңірі ХХІ ғасырдағы ортақ игілігі жолындағы парламентаралық ынтымақтастық» тақырыбында Еуразия мемлекеттері парламент спикерлерінің бірінші кеңесі болып өтті. Жиында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджанимен кездесті.

Қ.Тоқаев Иран Парламентінің және Ресей Федерациясы Кеңесінің төрағаларымен кездесті (ФОТО)

Қ.Тоқаевтың ирандық әріптесімен кездесуі барысында таяудағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Иранға ресми сапарының айрықша маңызы бар екендігі атап өтілді. Сапар барысында сауда-экономикалық салада ірі келісімдерге қол жеткізілді.
Тараптар террористік ұйымдардың белсенділігі артуына байланысты өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне мән берді. ҚР және ИИР спикерлері лаңкестікпен күрес барысында өңірдегі екі мемлекетке үйлескен іс-қимылдар қажеттігін атап өтті.
Қ.Тоқаев ирандық парламентарийлерді 31 мамырда Астанада өтетін «Дін терроризмге қарсы» конференциясына қатысуға шақырды.
Сонымен бірге, Сенат төрағасы Қ.Тоқаев Ресей Федерациясы Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесті. Спикерлер әлемдегі жағдайлар және өңірлік ықпалдастық үдерісіндегі парламентаралық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі туралы пікір алмасты. 11 мамырда Федерация Кеңесінің төрайымы Қазақстанға ресми сапармен келеді.
null null null null null null null