Қ.Тоқаев муфти шейх Р.Гайнутдинді Астанадағы бас мешіттің ашылуына шақырды

rong> Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Сейсенбі күні ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Муфтилер кеңесінің төрағасы Равил Гайнутдинді Орталық Азиядағы ірі «Әзірет Сұлтан» бас мешітінің ашылуына Астанаға шақырды.
None
None

  Қ.Тоқаев Астанадағы болашақ «Әзірет Сұлтан» бас мешітінің іргетасына Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың естелік капсула салғанын еске салды.

 Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты дамудың негізгі сипаттарын талқылады. Қ.Тоқаев қатысушыларды Қазақстандағы дінаралық қатынастардың сипаты туралы хабардар етті. Қазақстандағы мұсылмандар мен православтар арасындағы дәстүрлі игі қатынастардың сақталып отырғанын атады.

 Сенат спикері республикада өткізіліп отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің рөлін айрықша атады. Оның айтуынша, бұл форумның мақсаты - бейбітшілік, келісім ахуалын, сондай-ақ түрлі діндер арасындағы өзара түсіністікті құруға бағытталған Қазақстанның орнықты саясатын көрсету. Қ.Тоқаев сонымен қатар, Астанада болып өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы туралы әңгімелеп берді.

Соңғы жаңалықтар