19:57, 26 Қараша 2015 | GMT +5
Қ.Тоқаев пен Қ.Жақыпов ҰҚШҰ ПА-ның 8-ші пленарлық отырысына қатысты
САНКТ-ПЕТЕРБОР. ҚазАқпарат - Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов басқарған Қазақстан сенаторлары мен мәжіліс депутаттарының делегациясы Санкт-Петерборда ҰҚШҰ ПА-ның 8-ші пленарлық отырысына қатысты.

Жиын лаңкестер қолынан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Парламент депутаттарының 8-ші пленарлық отырысының күн тәртібінде шамамен 18 сұрақ болды, соның ішінде 15-і - ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің лаңкестік пен экстремизмге қарсы іс-қимылдар жүргізу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде шекара маңындағы ынтымақтастық, гуманитарлық көмек саласында ұлттық заңнаманы жақындастыру және үйлестіру ұсыныстары бойынша жобалар.
Отырыс жұмысына алғаш рет Пәкістан, Иран парламентарийлері, сондай-ақ Қытай өкілдері қатысты. Олардың қатысуы туралы шешім ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ның ынтымақтастығын дамыту мақсатында қабылданды.