14:56, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
Қ.Тоқаев ресейлік телеарнада көрсетілген өзінің фотосына қатысты пікір айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік телеарнада көрсетілген өзінің фотосына қатысты пікір айтты.

«RenTV телеарнасында орынсыз жарияланған менің фотома қатысты оқиға - журналистердің қарапайым зейінсіздігі деп білемін, бұдан бір қаскөйлік көріп тұрғаным жоқ», - деді Қ.Тоқаев өзінің «twitter-дегі» парақшасында.
Еске салсақ, Ресейдің «Рен-ТВ» телеарнасында эфирге шығатын «Экстренный вызов» криминалды бағдарламасының авторлары Геленджик курортында жедел медицина қызметкерлерін соққыға жыққан Қазақстаннан шыққан ресейлік бизнесменнің орнына ҚР Парламенті Мәжілісі спикерінің фотосын көрсеткен. Күдікті 55 жастағы Мәскеу тұрғыны Жомарт Каменов болып шықты.