Қ. Тоқаев төрағалығында Сенат 532 заң қабылдады
«Ең алдымен Сенат депутаттарының бүгінгі басқосуында Мемлекет басшысын баламалы президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтағым келеді. Сайлаудың әділ де ашық өткендігін халықаралық қауымдастық толық мойындады. Сіздің жеңісіңіз бұл - халықтың жеңісі. Сайлау қорытындысы Қазақстан халқы болашағын тек Сізбен байланыстырып отырғандығын дәлелдеді. Сіздің басшылығыңызбен еліміз экономикада да, сыртқы саясатта да табыстарын еселеп, жаңа жетістіктерге қол жеткізетініне сенімдімін. Шетелдерде сізді тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, ұлы реформатор ретінде таниды. Бұл дүниежүзінде әділ қалыптасқан пікір. Бүкіл әлемдегі лидерлер Сізге ғаламдық саясаткер ретінде үлкен құрметпен қарайды», - деді Қ. Тоқаев. Сонымен қатар, Сенат төрағалығы қызметіне тоқталған Қ. Тоқаев, бұл жылдарды саяси шеберліктің ең жоғарғы мектебі ретінде санайтынын білдірді. «Жуырда менің БҰҰ жүйесіндегі қызметке тағайындалуым да сіздің биік халықаралық беделіңіз арқасында болып отыр», - деген Қ. Тоқаев әріптестеріне, сондай-ақ бірлесе жұмыс атқарған Үкімет мүшелеріне ерекше ризашылығын білдірді.
«4 жыл ішінде Сенат 532 заң қабылдап, Мемлекет басшысының стратегиялық бағыт-бағдарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге мол үлес қосты. Палатаның жемісті жұмысы жаңа төрағаның қызметімен де жалғасады деп ойлаймын», - деді Қ. Тоқаев.