Қ. Тоқаев Түркия шекарасында ресейлік Су-24 ұшағының атып түсірілуіне қатысты пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия шекарасында ресейлік ұшақтың атып түсірілуіне қатысты пікірін Твиттердегі парақшасында білдірген.
None
None

«Түрік әскери әуе күштерінің ресейлік бомбалаушы ұшағын негізсіз атып түсіруі - екіжақты қарым-қатынас үшін аса ауыр салдары болуы мүмкін күрделі оқиға», - деп жазады Қ. Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Түркия мен Сирия шекарасында түрік әскери әуе күштері ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген болатын. Бұл ақпаратты Ресей президенті Владимир Путин де, Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоған да растады.

Соңғы жаңалықтар