Қ.Тоқаев Женеваға барады

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - 22-26 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабындағы сапармен Швейцарияға барады.

Қ.Тоқаев Женеваға барады

Женевада және Бернде Қ.Тоқаевтың БҰҰ Бас Хатшысының Орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы Бөлімінің Бас Директоры лауазымындағы қызметінің аяқталуына байланысты шаралар болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметінен хабарлады.