Қ.Тоқаевтың «БҰҰ-дағы толғаныстар» атты жаңа кітабы жарық көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы көрнекті дипломат әрі саясаткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Reflections at the United Nations»- «Размышления в ООН» атты жаңа кітабы жарық көрді.
None
None

Кітап атына заты сай. Онда Қ.Тоқаевтың ағылшын, француз, орыс және қытай тілдеріндегі негізгі сөз сөйлеулері, сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Женева бөлімшесінің бас директоры және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретіндегі мақалалары мен сұхбаттары жарияланған.

«БҰҰ Женева бөлімшесі тарихында (1947 жылдан 1957 жылға дейін ол БҰҰ-ның Еуропалық бөлімшесі атанған болатын) БҰҰ Бас хатшысының шешімімен жаңа парақ жазылды: жаһандық ауқымдағы іс-шараларды қамтамасыз етумен айналысатын осынау маңызды кеңсені алғаш рет Азия өкілі басқарды. Мұндай мәртебе 2011 жылға дейін 1952 жылғы басшылық жасаған бір американдықты қоспағанда тек еуропалықтардың маңдайына бұйырған еді», - деп жазады Қ.Тоқаев кітаптың алғысөзінде.

Туындыда Женеваның әлемдік дипломатияның орталығы ретіндегі бірегей рөлі паш етіліп, БҰҰ Женева бөлімшесі штаб-пәтерінің - Ұлттар сарайының салыну тарихына қатысты қызықты деректер келтірілген.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаев басылымға жазған алғысөзінде БҰҰ Женева бөлімшесінің басшысына БҰҰ-ның көптеген қызметтері мен өкілеттіктері жүктелетіндігін баса айтқан. «Сондықтан да Бас директордың әрбір сөзіне саясаткерлер, дипломаттар, ғалымдар, журналистер және үкіметтік емес сектор өкілдері тарабынан зор талап қойылады», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар