Қ. Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат бюросының отырысы болды
деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Қаржы және бюджет комитеті мен Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетіне берілді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің және оның меншігіне иммунитеті, аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Біріккен Ұлттар Ұйымының Мемлекеттердің және олардың меншігінің юрисдикциялық иммунитеттері туралы конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобалары Заңнама және құқықтық мәселелер комитетіне зерделеуге берілді.
Бюро отырысында, сондай-ақ палатаның 10 қыркүйекте болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібі туралы тұрақты комитеттердің ұсыныстары да қаралды.
Депутаттар «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьяларын босату және сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуын қарастырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылайтын болады.
Палата отырысында сонымен қатар «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу мәселелері бойынша өзгеріс енгізу туралы» заң жобасы да қаралады.