Қ.Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат бюросының отырысы болды

АНА. Қыркүйектің 29-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат бюросының отырысы болды.
None
None

Онда Мәжілісте мақұлданған заң жобалары зерделеуге және Сенат қарауына ұсынуға әзірлеу үшін палата комитеттеріне бөлініп берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолының жобасы шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы-Тараз» жолының учаскесін реконструкциялау туралы Истисна'а келісімін және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолының жобасы шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы-Тараз» жолының учаскесін реконструкциялау туралы агенттік келісімді (Истисна'а) ратификациялау туралы» заң жобасы Экономикалық және өңірлік саясат комитетіне зерделеуге берілді.

Ал «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне берілді.

Бюро отырысында үстіміздегі жылғы  қазанның 1-де болатын Сенаттың кезекті жалпы отырысының күн тәртібі белгіленді. Депутаттар «Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын талқылайтын болады.

Сондай-ақ үстіміздегі жылдағы сегіз айдың қорытындысы бойынша, Парламент бюджетінің орындалу барысы туралы мәселе қаралды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» өкімін іске асыру мақсатында Парламент Сенаты мен Мәжілісі шығыстарды қысқаруға бағытталған нақты шаралар қабылдаған болатын. Нәтижесінде көзделген қаражаттың 30 пайызы үнемделді.

Қ.Тоқаев Сенат нақты іспен, қабылданған қатаң шаралар арқылы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға, салық төлеушілердің әр тиынын орынды әрі үнемді пайдалануға мемлекеттік тұрғыдан және ерекше жауапкершілікпен қарағанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум