Қ.Тұрғанқұлов Эстония Ұлттық сайлау комитеті төрағасының орынбасарымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Эстония Республикасы Ұлттық сайлау комитеті төрағасының орынбасары Мэлис Эрикпен кездесті.

Қ.Тұрғанқұлов Эстония Ұлттық сайлау комитеті төрағасының орынбасарымен кездесті

«Сіздің елімізге сапарлағаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіз біздің әріптесімізсіз және сайлау үдерісін өте жақсы білесіз. Меніңше, сіздердің тараптарыңыздан білікті, шынайы байқау орын алады. Сіздердің бізде өтетін сайлауға қатысты пікірлеріңіз бен қорытындыларыңыз өте құнды болатындығы сөзсіз», - деді Қ.Тұрғанқұлов кездесу барысында.Сонымен қатар ол делегация мүшелеріне Орталық сайлау комиссиясының президенттік сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі қызметімен таныстырып, сайлау науқанының ерекшеліктері, дауыс беру күніне дайындық барысы туралы айтып берді. Сонымен қатар ол делегация мүшелерінің Қазақстан Республикасындағы заңнамалық база мен сайлауды өткізу тәжірибесіне қатысты, үгіт науқанының барысы мен кандидаттардың белсенділігі туралы, сондай-ақ Ортсайлаукомның БАҚ-пен электораттық кезеңде халықты ақпараттандыру бөлігіндегі ынтымақтастығы туралы сұрақтарына жауап берді.Кездесуге қатысушылар сайлау науқанының өркениетті және орынды өтіп жатқанын, бұл - жақсы ұйымдастырылған дайындық пен Қазақстанның ашық, айқын және демократиялық сайлауды өткізуге талпынысы туралы куәландыратынын атап өтті.