Қ.Тұрғанқұлов: Сайлауды байқау жөніндегі түрлі ұйымдармен жан-жақты ынтымақтастық - біздің тұрақты тәжірибеміз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов «Қазақстан Республикасындағы сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесті.

Қ.Тұрғанқұлов: Сайлауды байқау жөніндегі түрлі ұйымдармен жан-жақты ынтымақтастық - біздің тұрақты тәжірибеміз

Т.Тұрғанқұлов кездесуге қатысушыларды Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының жұмысымен таныстырды.

«Сайлауды байқау жөніндегі түрлі ұйымдармен және бірлестіктермен жан-жақты ынтымақтастық - біздің тұрақты тәжірибеміз. Халықаралық және отандық байқаушылардың сайлау процесінің барлық кезеңдеріне бақылауды жүзеге асыруға қатысуын сайлау науқанының жариялы және ашықтық ахуалын қамтамасыз етуге жәрдемдесу ретінде қарастырамыз. Азаматтардың электораттық белсенділігі мен сайлау институтына сенімін арттырудың басты тәсілі ретінде транспаренттік - тек Орталық сайлау комиссиясының ғана емес, сондай-ақ сайлау процесінің барлық субъектілерінің, жалпы қоғамның басты міндеттерінің бірі», - деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов.

Кездесуге СБРҚК төрағасы Н.Ерімбетов, орынбасары Ж.Құсманғалиева, СБРҚК штабының басшысы Н.Тілеукенов, ҚР ОСК-ның барлық мүшелері, сонымен қатар СБРҚК мүшелері Ш. Лепсібаев, Ғ. Шалахметов қатысты.