19:00, 21 Қараша 2011 | GMT +5
Қ.Тұрғанқұловтың Қазақстанда тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері және халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесуі болады
ТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 28 қарашада Сыртқы істер министрлігінде еліміздің Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Тұрғанқұловтың Қазақстанда тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері және халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесуі болады. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Кездесу барысында 2012 жылдың қаңтар айында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының бесінші кезектен тыс сайлауын және жергілікті мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу бойынша әңгіме көзделген.