Қ. Жақыпов: Нұрсұлтан Назарбаев - идеялары халықтың интеллектуалды қуатын ұлы істерге жұмылдыра алатын Көшбасшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев - идеялары халықтың интеллектуалды қуатын ұлы істерге жұмылдыра алатын ұлы Көшбасшы.

Қ. Жақыпов: Нұрсұлтан Назарбаев - идеялары халықтың интеллектуалды қуатын ұлы істерге жұмылдыра алатын Көшбасшы

Бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстандық жол: Бірлік. Патриотизм. Реформалар» атты халықаралық конференцияда сөз сөйлеген Парламент Мәжілісінің спикері Қабиболла Жақыпов осылай мәлімдеді.

Мәжіліс Төрағасының айтуына қарағанда, қазақстандық жолдың табыстылығындағы ең басты фактор - бұл Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көшбасшылығының әлемде мойындалуында болып отыр.

«Тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап ел Президенті Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының абсолютті әрі берік негізі ретінде бейбітшілік пен келісім құндылықтарын қалап қана қойған жоқ, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, барлық этностар мен конфессиялардың құқығы мен бостандықтарын қамтамасыз етуде өлшеусіз үлес қосып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев - идеялары халықтың интеллектуалды қуатын ұлы істерге жұмылдыра алатын ұлы Көшбасшы. Назарбаев - шын мәнінде Халықтық Президент», - деді Қабиболла Жақыпов.

Сонымен қатар, Мәжіліс спикері қазақстандық даму моделінің ерекшеліктерін білдіретін құрамдас бөліктерін де атап өтті. Оның пайымынша, бұған экономикалық даму тұрақтылығы, барлық азаматтардың тең құқылығы, мәдени алуандылықты сақтай отырып, ұлттық біртектілікті қалыптастыру, үйлесімді тілдік саясат, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімді қызметі жатады.