Қ.Жаңбыршин: Бюджет қаржысы игерілмеуіндегі бұзушылықтар негізінен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында орын алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бюджет қаржысы игерілмеуіндегі бұзушылықтар негізінен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында орын алады. Бұл туралы бүгін «КТК» телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасына сұхбат берген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин айтты.
None
None

«Қалай десек те, өңірлік деңгейде бұзушылықтар көбірек кездеседі. Жоспарлау сапасын айтпағанның өзінде қаржылық бұзушылықтар әдетте инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында барынша көп. Жобалар қажетті 1-2 құжат тұрмақ кей кезде тіпті барлық құжаттар топтамасынсыз-ақ жүзеге асырылуы орын алып жатады және де бұл кемшіліктер барлық өңірге тән. Яғни, жобалар жобалық-сметалық құжатсыз, мемлекеттік сараптамасыз, техникалық ілеспе құжаттарсыз, авторлық қадағалаусыз жүзеге асырылады. Кейде жобаны жеке меншік жерде жүзеге асыру да кездесетіні бар», - деді Қ.Жаңбыршин.

Оның атап өтуінше, сонымен бір өңірлерде мемлекеттік сатып алулар барысында да бұзушылықтар жиі кездесіп жатады. Алайда, бұл мәселемен негізінен басқа мемлекеттік органдар айналысуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар