Қ. Жаңбыршин: Конституцияның қабылдануы - ел тарихындағы үлкен бетбұрысты оқиға

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 28 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған Есеп комитетінің салтанатты жиналысы болып өтті.
None
None

Салтанатты жиналыста Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин ұжымды Қазақстан Республикасы Конституциясының алдымыздағы 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«1995 жылы жалпыхалықтық референдумда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен және тікелей басшылығымен әзірленген Негізгі заң қабылданып, ол Қазақстанды зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретінде жария етті», - деді құттықтау сөзінде Қ.Жаңбыршин.

Есеп комитеті Төрағасының айтуынша, Конституцияның қабылдануы еліміздің тарихындағы үлкен бетбұрысты оқиға болды. Конституция егемендегімізді нығайту мен биліктің заңдылығын орнықтыруда шешуші рөл атқарып, ұлттық заңнамамыздың құқықтық іргетасын қалады. Ол адамның құқығы мен еркіндігінің мызғымас басымдығын бекітіп, мемлекетіміздің мәртебесін жаңа, демократиялық негізге көтерді.

Қ.Жаңбыршин Конституция Қазақстанның мемлекеттік құрылысын айтарлықтай жетілдіруге және жаңа басқару құрылымдарын құруға мүмкіндік бергенін атап көрсетті.

Төраға сөзін «Есеп комитетінде еңбек ететін біздер үшін оның Конституцияда көзделген санаулы мемлекеттік органдардың бірі болғаны зор мақтаныш. Ата заңымызда бекітілген жоғары мәртебеге сай болу біздің міндетіміз» - деп тұжырымдады.

Жиналыс барысында Қ.Жаңбыршин Есеп комитетінің бірқатар қызметкерлеріне «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалін, III дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалін, сондай-ақ, Есеп комитеті Төрағасының құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын тапсырды, деп хабарлады аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар