Қабаған иттер бес баланы талады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Саратов облысындағы Балаково қаласында қабаған иттер жас балаларды талаған.
None
None

Келеңсіз оқиға өткен демалыс күні қаланың 10- шағын ауданында №27 мектептің жанында болған. Ек үлкен ит 6 -10 жас аралығындағы бес баланы қапқан.
Балаларға медициналық көмек көрсетілді. 6 және 8 жастағы екі бала аууханаға жатқызылды, деп хабарлайды informing.ru.

Бұл оқиғаны көргендердің айтуынша, қабаған иттердің бірінің мойнында қарғыбауы болған. Жергілікті полиция осы келеңсіз жайтқа байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Фото: Михаил ДЕНИСОВ

Соңғы жаңалықтар