Қабанбай ауылына - 100 жыл
Тарихи мәліметтерге сүйенсек, 1909 жылы ол кезде Андреевка деп аталған орыс қоныс аударушыларының шағын селосы ресми тіркелген, ол село қазір Қабанбай ауылы деп аталады.
Казактардың Жетісуға қоныс аударуы 1847 жылы басталған және ол үдеріс 20 жылға созылған. 1909 жылы отырықшы елді мекендер мен қазақтың көшпелі болыстарының тізімінде 4 915 ондық пайдалы жері бар Андреевка селосы пайда болды. Село 1920 жылға дейін Лепсі уезі Герасимов болысының құрамына кірді. Негізгі тұрғындары - қоныс аударушылар болған, барлығы 319 аула, 1 978 адам тұрғыны болған. 1923 жылы ауыл шаруашылығы санағы өтті. Ол кезде Лепсі уезінің Үштентек болысындағы Жетісу облысына кірген Андреевка селосында 390-нан астам аула болған, оның екеуі мұсылмандар отбасы болған.
Селода әскери мүгедектер қоғамына қарасты тері илеу зауыты жұмыс істеген, онда 3 адам еңбек еткен. Сондай-ақ 4 жекеменшік су диірмені болған.