Кабардин-Балқарда стадионда жарылыс болды
АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Кабардин-Балқар Республикасында кезекті төтенше оқиға орын алды.
Бұл жолы Эльбрус ауданындағы Тырныауз қаласында «Тотур» стадионына кіреберісте жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Республиканың Ішкі істер министрлігінен хабарлағандай, оқиға кеше мәскеу уақыты бойынша сағат 23.00-те болған. Жарылыстың салдарынан алған жарақаттан оқиға орнында белгісіз ер азамат қаза тапқан, тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Олардың тұлғалары анықталуда. Факті бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр. Бұл оқиғаның лаңкестік әрекет болғаны немесе болмағаны туралы мәліметтер әзірге жоқ.