Кабардино-Балкарияда болған қақтығыста үш содыр мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кабардино-Балкарияның Баксанск ауданында құқық қорғау қызметкерлерімен арадағы қақтығыста үш содыр өлтірілді, деп хабарлады Интерфакс.

Кабардино-Балкарияда болған қақтығыста үш содыр мерт болды

Ауданда содырлардың базасы анықталған. Олар федералды күш құрылымдары қызметкерлерімен қақтығысқа түсіп, қаза тапты.

Күш құрылымдарында адам шығыны жоқ. Көз жұмғандардың кім болғаны анықталып жатыр.

Қазір күш құрылымдарының қызметкерлері қақтығыс болған ауданнан қашып кетті деген болжаммен тағы екі содырды іздеп жүр.