Кабельді телевидение операторлары хабар таратуды қалпына келтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - AlmaTV, IkonTV, Digital, ID TV кабельді телевидение операторлары хабар таратуды қалпына келтірді. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Кабельді телевидение операторлары хабар таратуды қалпына келтірді

Еске сала кетейік, телебағдарламаларды таратудағы проблемалар шетелдік Intelsat-904 спутнигінің жұмысындағы ақаулық салдарынан туындаған.

«Қазтелерадио» АҚ шұғыл түрде жер үстілік желілерін ҚазСат-2 резервтік спутнигіне ауыстырды. Шетелдік «IntelsatGlobal» компаниясының Intelsat-904 спутнигінің операторы хабарлағандай, оған спутниктің орбитадағы орнын жоғалтуы себеп болған. Қазіргі уақытта халықаралық Intelsat-904 спутнигінің операторы спутникті бақылау қалпына келтірілгенін хабарлады, қазір спутникті орбитадағы орнына келтіру шаралары қабылданып жатыр. «Қазтелерадио» АҚ мамандары шалғайдағы елді мекендердегі хабар таратудың эфирлік желілерін қалыпқа келтірумен айналысып жатыр.