Қабығы ғана емес, жұмсағы да қызыл: Недзвецкий алмасы несімен ерекше
АСТАНА. KAZINFORM — Недзвецкий алмасы бір қарағанда — кәдімгі жабайы алма. Бірақ жемісін кесіп көрсеңіз, айырмашылығы бірден байқалады, деп хабарлайды экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Недзвецкий алмасының қызыл реңкі тек қабығында емес, жұмсағында да болады.
Гүлдеген кезде де ағаш ерекше көрінеді: гүлдері қызғылт-күлгін түске боялады.
Бұл — табиғатта сирек кездесетін жабайы алма түрлерінің бірі.
Оның генетикалық қоры жабайы алма түрлерін және олардың табиғи алуантүрлілігін сақтау үшін маңызды.
— Ал мұндай ағашты табиғаттан кездестірсеңіз, жемісін жинап немесе бұтағын сындыруға асықпаған жөн. Недзвецкий алмасы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Кәдімгі алмаға ұқсайды. Бірақ бір кессеңіз — айырмашылығы көрінеді, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Бұдан бұрын 2027 жылға дейін апорт алма бағының көлемі 110 гектарға жететіні белгілі болды.