Кабо-Верде аралдарында жанартау оянды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Африка жағалауында Кабо-Верде аралдарындағы жанартау оянды.
None
None

Елдің премьер-министрі Хосе Мария Невестің айтуынша, үйлері кратерге жақын орналасқан шамамен мың тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

Фогу жанартауы соңғы рет 1995 жылы атқылаған. Оның маңында 37 мыңға жуық адам тұрады.

Кабо-Верде билігі халықаралық қауымдастықтың көмегіне жүгінуге тура келетіндігін де жоққа шығармай отыр.

Соңғы жаңалықтар