Кабул әуежайына шабуыл жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кабул халықаралық әуежайына шабуыл жасалып, атыс орын алды, деп хабарлады Би-би-си елдің ІІМ өкілдеріне сілтеме жасап.
Хабарламада атап өтілгендей, әуежай аумағынан атыстар мен жарылыстар естілген. Әуежайға Ауғаныстанның арнайы жасақ тобы келді.
Әзірге жапа шеккендер туралы хабар жоқ. Шабуылды кім жасағаны да белгісіз.