Кабулда әскери академияға шабуыл жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні таңертең белгісіз адамдар тобы Ауғанстан астанасындағы маршал Фахим атындағы әскери академияға шабуыл жасады, деп хабарлайды ТАСС Tolo News телеарнасына сілтеме жасап. 

Кабулда әскери академияға шабуыл жасалды

Оның дерегі бойынша, академияның аумағынан жарылыс пен атыстың дауысы шығып жатыр. Қосымша ақпарат әзірге хабарланған жоқ.