Кабулда Ауғанстан вице-президентіне қастандық жасалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кабул қаласында Ауғанстанның бірінші вице-президенті Амрулла Салехқа қастандық жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Tolo News телеарнасына сілтеме жасап.
Сәрсенбі күні таңертең ауған астанасында болған жарылыстан үш адам қаза тапты, жоғары лауазымды шенеунік зардап шеккен жоқ.
Вице-президенттің өкілі Салехтің қарауыл жасағына шабуыл жасау салдарынан оның үш оққағары зардап шеккенін, шенеуніктің өзі болса, дін аман екенін хабарлады.
Телеарнаның мәліметінше, лаңкестік әрекеттен үш адам құрбан болып, 12 адам жарақаттанған.