07:50, 07 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Кабулда лаңкестік салдарынан Ауғанстан барлау қызметінің басшысы жараланды
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ауғанстан барлау қызметінің басшысы Асадулла Халид Кабулда жанкешті-лаңкес жасаған жарылыс салдарынан жараланды.

Оның денесінің төменгі жақ бөлігі жараланды. Жарылысты талибтер өз мойындарына алды, деп хабарлады Утро. ру.
Барлау қызметінің өкілі мәлім еткендей, жарылыс Халид пайдаланатын көптеген резиденциялардың бірінде болды. сондай-ақ Ауған билігі хабарлағандай, ол ауруханада жатыр және оған қан құйылуда.