Кабулда сайлау комиссиясына шабуыл жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстандағы сайлау комиссиясы ғимараты маңында жарылыс болды.
ВВС мәліметіне қарағанда, қаруланған адамдар жақын тұрған үйге кіріп, комиссия ғимаратына оқ жаудыра бастады.
Бұдан бұрын «Талибан» қозғалысы 5 сәуірге жоспарланған президенттік сайлауға дайындық барысында шабуылдар жиілейтінін мәлімдеген болатын.
Осы шабуылдың құрбандары жайында қазіргі кезде нақты ақпарат жоқ.