Кабулда тәліптер алты шетелдікті өлтірді

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Кабулдағы БҰҰ миссиясының үйіне содырлардың шабуыл жасауы салдарынан алты шетелдік қаза тапты және тағы бесеуі жарақат алды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат AFP сайтына сілтеме жасап.

Лаңкестер сәрсенбі күні таңертең Кабулдағы БҰҰ өкілдігінің үйіне басып кірді. Кейбір деректер бойынша миссияда сол сәтте 20 адам болған. Үйді басып алу жауапкершілігін «Талибан» қозғалысы мойнына алды. Мұны олар алдағы қарашаның 7-сінде Ауғанстанда өтетін президенттік сайлаудың екінші турына қарсы жасалған акцияның «алғашқы қадамы» деп жариялады.

Шабуыл жасалғаннан кейін полиция үйді қоршап, бақылауға алды. Биліктің айтуынша, шабуыл жасаған содырлар жойылған.

Соңғы жаңалықтар