Кабулда тікұшақ тұрғын үйге құлап, соның салдарынан 12 адам қаза тапты

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Ауғанстан астанасында Түркияның әскери тікұшағы құлады, деп хабарлайды NBC News телеарнасы.

Кабулда тікұшақ тұрғын үйге құлап, соның салдарынан 12 адам қаза тапты

Жергілікті биліктер өкілінің мәлімдеуінше, әскери көліктің апаты салдарынан оның бортындағы сегіз түрік әскері, сонымен қатар жердегі екі әйел және екі бала қаза тапты, деп ақпараттандырады РБК.

Тікұшақтың әуеде өртене бастап, содан кейін Баграми ауданындағы тұрғын үйдің үстіне құлағаны хабарланады. Апаттың себептері анықталу үстінде.

Оқиға орнына құқық қорғау органдарының өкілдері мен құтқарушылар аттанды. Әуе апатының жай-жапсарын тергеу амалдары жүргізілуде.